Ең қауіпті браузер анықталды

Ең қауіпті браузер анықталды

Ең қауіпті браузер анықталды
ашық дереккөзі
752
Google-дің Chrome браузері өз пайдаланушылары жайлы көп дерек жинап, оларды жарнама жасауда пайдаланады. Бұл туралы Forbes-та жарияланған мақаласында  Зак Доффман мәлімдеді.  Доффманның айтуынша, теория бойынша Google жинайтын жеке деректерді ашу пайдаланушының жеке өміріне зиян тигізуі мүмкін. Chrome браузерінің қауіпті екендігі туралы тезисін растау үшін журналист Google-дығ жарнамадан миллиардтаған доллар табатынын және сәйкесінше тұтынушы деректерін үшінші тұлғаларға сататынын еске салды. "Бұл тұрғыда оның Facebook-тен еш айырмашылығы жоқ", - деді Доффман. Сондай-ақ, маман бұған дейін Chrome-ды сынға алғанын айтты. Журналистің сынына жауап ретінде Google компаниясы пайдаланушылардың құпия деректері сақталатын сервистердегі ақпарат мазмұны талданбайтынын алға тартқан. Корпорация өкілдері ең қауіпсіз қосымшаларды атады — Gmail поштасы, Drive қоймасы, "Күнтізбе" және "Фото" қызметтері. Автор өз есебінде Google жинамайтын жалғыз ақпарат — пайдаланушы идентификаторларына қатысы жоқ деректер екенін атап өтті. "Chrome тіпті өз тұтынушыларының жеке өмірін қорғауға тырыспайды", — деп қорытындылады Зак Доффман. Сонымен қатар, журналист ең қауіпті браузерлердің рейтингін жасады. Бірінші орында Chrome, одан кейінні орындарға Apple және Microsoft Edge Safari жайғасқан.

Серіктес жаңалықтары