189
Еуропа жаңа сипаттағы дүниежүзілік соғысқа тап болды — Макрон
Еуропа жаңа сипаттағы дүниежүзілік соғысқа тап болды — Макрон
Еуропа вакцинацияға байланысты "жаңа сипаттағы дүниежүзілік соғысқа" тап болды. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон Еуроодақтың виртуалды саммитінің бірінші күнінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Le Figaro басылымы.
Оның айтуынша, бұл "Ресей мен Қытайдың вакцина арқылы ықпал етуге ұмтылысына" байланысты болды. Француз басшысы қазіргі жағдайда Еуропа мұндай препараттарды өндіру мәселесінде тәуелсіз болуы керек деген пікір білдірді.
Макрон алдағы айларда Еуропа коронавирусқа қарсы вакциналар өндірісін арттырып, олардың ең ірі өндірушісі болады деп уәде берді. Бұл ретте ол егер өндіруші Еуроодаққа препараттарды жеткізу бойынша міндеттемелерін орындамаса, вакциналар экспортын бұғаттауды ұсынды.