335
Президентті балағаттаған ер адам бас бостандығынан айрылды
Президентті балағаттаған ер адам бас бостандығынан айрылды
Белоруссияда ер адам президентті көпшілік алдында қорлағаны және бұзақылық жасағаны үшін 1 жыл 1 ай мерзімге сотталды. Бұл туралы республиканың Могилев облыстық прокуратурасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.
"Бобруйск прокуратурасы сотта Беларусь Республикасының президентін көпшілік алдында қорлады және бұзақылық жасады деп айыпталған жергілікті тұрғын К.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады. Мемлекеттік айыптаушының ұсынысы бойынша Бобруйск ауданы мен Бобруйск қаласының соты К.-ға қатысты үкім шығарды. Оған жаза ретінде бір жыл бір ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, ішімдік ішкен 50 жастағы ер адам 2020 жылдың 16 тамызында үйінен ұялы телефон арқылы ІІМ-нің арнайы желісіне қоңырау шалып, кезекшімен сөйлескен кезде мемлекет басшысын қорлайтын балағат сөздер айтқан.