30 жыл бұрын ұрланған әйел пандемияның арқасында отанына оралды

30 жыл бұрын ұрланған әйел пандемияның арқасында отанына оралды

30 жыл бұрын ұрланған әйел пандемияның арқасында отанына оралды
ашық дереккөзі
174
Жасөспірім шағында ұрланып, Қытайда 30 жыл жыныстық құлдықта болған Вьетнам тұрғыны пандемияның арқасында отанына оралды, деп хабарлайды VnExpress басылымы.  Ха Ти Чин 12 жаста болғанда оны кездейсоқ танысқан адам алдап, Қытайға шақырады. Қытай шекарасынан өткеннен кейін жасөспірімді жергілікті отбасына сатқан. "Олар мені түнде жезөкше болып жұмыс істеуге мәжбүр етті. Мен бірнеше рет қашып кетуге тырыстым, бірақ бұл әрекеттерімнің бәрі сәтсіз болды өйткені мені күні-түні күзететін. Олар мені ұстап алып, қашып кетпек болғаным үшін қамшымен сабайтын", - дейді Чин. Оған өз үйіне орындалмас арман секілді көрінген. Алайда 2020 жылдың басында Қытайда коронавирус пандемиясы басталуының арқасында ол тұтқыннан қашып шығып, отанына оралды. "Біз жуырда Қытайға сатылған тағы бір вьетнамдық қызбен бірге қашудың жолын таптық. Басында мен қорқатынмын, бірақ ол мені түбінде бәрібір өлетінімізге сендірді және үйге қайтатын жол іздеуге жігерлендірді", — дейді ұрланған әйел. Олар бес күн бойы орман арқылы өтіп, Вьетнам шекарасына жеткен. Шекарашылар Чинге тамақ пен біраз ақша беріп,  өзінің туған Футхо провинциясына жетуі үшін автобус аялдамасына апарған. Алайда Қытайда өткізген 30 жыл ішінде ол ана тілін ұмытып, Куангнам провинциясында адасып кетеді. Жергілікті полиция қызметкерлері оның басынан өткен жағдайға қанығып, үйіне қайтуға көмектеседі. Әкесі Чин Ха Ван Хот қызын көргенде өз көзіне өзі сенбеген. "Полиция маған қызымның қайтып келгенін айтқан кезде мен күлдім және оны әкелгенге дейін бұл жай ғана түсім шығар деп ойладым", — дейді ер адам. Отанына оралған Чин  төртінші сыныпта оқып жүрген жиенінің арқасында бір жыл ішінде вьетнам тілін үйреніп алды. Қазір ол ата-анасымен бірге тұрады. Ана тілінде жазуды жетік меңгеріп алған соң жұмыс тауып, әкесі мен анасына көмектескісі келеді.

Серіктес жаңалықтары