Футболдан Қазақстан құрамасы мүшелерінен коронавирус анықталды

Футболдан Қазақстан құрамасы мүшелерінен коронавирус анықталды

Футболдан Қазақстан құрамасы мүшелерінен коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
50218
Футболдан Қазақстан құрамасы штабының бірнеше қызметкері коронавирус жұқтырып алған. Бұл туралы Kozhakhmet_inside_official телеграм каналы хабарлайды.
«Бапкер Сергей Калюбин (кеше қосалқы ойыншылар отыратын орында көрінбеді) мен команда әкімгері Максим Шауберт коронавирус жұқтырды. Ендігі кезекте кімдер оқшауланып, Киевке кімдер баратыны белгісіз. Себебі бапкерлік штабтың өзге мүшелері мен әкімшілік қызметкерлері, тіпті ойыншылар да олармен байланыста болған», – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы кеше өз алаңында өткен 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінде 2018 жылы әлем чемпионы атанған Франция командасымен кездесіп, 0:2 есебімен жеңіліп қалған болатын. Енді Қазақстан құрамасы 1 сәуірге қараған түні Киевте елорда уақытымен 00:45-те Украинаның ұлттық командасына қарсы кездесу өткізеді.

Серіктес жаңалықтары