Диетолог қартаюдан қорғайтын жемісті атады

Диетолог қартаюдан қорғайтын жемісті атады

Диетолог қартаюдан қорғайтын жемісті атады
ашық дереккөзі
292
Диетолог және гастроэнтеролог Нурия Дианова қартаюдан қорғайтын жемісті атады, деп хабарлайды "Звезда" телеарнасы Маманның айтуынша, мангоның асқазан-ішек жолдары микрофлорасына пайдасы мол. Бұл жемістің құрамында С дәрумені, А провитамині, калий және талшық бар. Осы пайдалы элементтердің арқасында жеміс қартаюдан, атеросклероздан, жүрек-тамыр ауруларынан және тіпті қатерлі ісіктен қорғайды. Сондай-ақ, манго ішек микрофлорасын қалыпқа келтіре алады. Диетолог аптасына бірнеше рет осы жемісті тұтынуға кеңес берді. Сондай-ақ, ол ас мәзірінде әр түрлі тағамдардың болуы денсаулықты сақтаудың кепілі екенін атап өтті. Еске сала кетейік, бұдан бұрын профессор, химия ғылымдарының докторы, "Интерлаб" компаниясының ғылыми кеңесшісі Яков Яшин қатерлі ісіктен қорғайтын өнімдерді атаған еді.  

Серіктес жаңалықтары