228
"Таралу қарқыны екі есе жоғары": Бекшин індеттің Алматыда анықталған жаңа штамдары жайлы айтты
"Таралу қарқыны екі есе жоғары": Бекшин індеттің Алматыда анықталған жаңа штамдары жайлы айтты
Алматы коронавирустың мутацияланған штамдарының таралу қарқыны артты. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
Оның айтуынша, Алматыдағы эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына ықпал еткен штамдар өткен аптада анықталған.
Жалпы коронавирустың бразилиялық, британиялық және оңтүстікафрикалық штамдарының белгілері бар. Қаладағы екі зертханада зерттеу жүргізу кезінде британиялық және оңтүстікафрикалық штамдарды анықталды. Соған орай қалада шектеу шаралары енгізілді. Қала «қызыл» аймаққа кіргеніне екі аптадан асты, - деді бас санитар.Бекшиннің сөзінше, жаңа штамдардың инкубациялық мерзімі екі есе аз, ал таралу қарқыны екі есе артық. Қалада індет жұқтырғандардың тәуліктік өсімі күрт артқаны сондықтан. Айта кетейік, өткен тәулікте оңтүстік астанамызда 545 адамнан коронавирус анықталды. Қаладағы эпидахуалды тұрақтандыру мақсатында 20 наурызда енгізілген қатаң карантин шаралары 12 сәуірге дейін ұзартылды.