204
Белгісіз біреулер журналистің көлігін өртеп жіберді
Белгісіз біреулер журналистің көлігін өртеп жіберді
Белгісіз біреулер ресейлік спорт журналисті Дмитрий Егоровтың көлігін өртеп жіберді. Бұл туралы Baza басылымының Telegram-арнасында хабарланды.
Егоровтың Mersedes автокөлігі Мәскеу облысының Одинцово ауданындағы үйдің ауласындағы ашық тұрақта тұрған. Көлік түнгі сағат екі шамасында өртенді. Журналистің айтуынша, оның көлігі сақтандырылмаған.
"Мен сияқты сақтандырудан ақша үнемдеудің қажеті жоқ. Бұл, өте өкінішті және есегірететін жағдай"- деп жазды Егоров өзінің Instagram парақшасында.
Кейінірек журналист бақылау камераларының бірінен алынған видеоны жариялады. Видеодан белгісіз адамның көлікке қалай жақындап, еңкейгенін және шамамен 15 секундтан кейін өрт пайда болғанын көруге болады. Егоровтың айтуынша, кейінірек жалын көрші үш көлікті де шарпыған.
Журналист мұндай қастандықты кім істеуі мүмкін екендігі жайлы болжамы жоғын айтты. Оның сөзінше, "тікелей қауіптер болған жоқ, бірақ бірнеше сәйкестік болды". Сондай-ақ, Егоров Ресей футболы туралы әрдайым шынайы жазатынын атап өтті.