Баласының өміріне салғырт қараған ата-аналар жазасын алды

Баласының өміріне салғырт қараған ата-аналар жазасын алды

Баласының өміріне салғырт қараған ата-аналар жазасын алды
ашық дереккөзі
399
Биылғы 16 - 20 қырқүйек аралығында ішкі істер органдары құқық бұзушылықтын алдын алу жұмыстарын жандандыру бағытында республика аумағында «Балалар түнгі қалада» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді. Осы ретте кәмелетке толмағандар қылмыстарының алдын алу, оларды құқық бұзушылықтар немесе басқа да қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тартатын адамдарды анықтау бойынша шаралар қамтылды. «Іс-шара өткізілген бес күн аралығында  900-ден астам ересек адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін 465 адам,  түнгі уақытта кәмелетке толмағандарды ойын-сауық мекемелеріне заңды өкілдерсіз жібергені үшін 77 адам, он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi сату фактісі бойынша - 99, кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сатқаны үшін 125 адамға әкімшілік жауапкершілік шарасы қолданылды»,-деп атап өтілген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында. Айта кетейік, бұл іс-шара мүдделі органдар, қауымдастықтар,  «Нұр Отан» ХДП, сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау органдары өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.

Серіктес жаңалықтары