50330
Тәуелсіздік күнтізбесі
Тәуелсіздік күнтізбесі
1993 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қарулы Күштер құрамындағы Әскери-теңіз күштері құрылды.
1999 жылғы 3 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразия – біздің ортақ үйіміз» атты кітабы жапон тілінде жарық көрді.
1994 жылғы 4 сәуірде «Қазақстан телеарнасы және радиосы» республикалық корпорациясы құрылды.
1997 жылғы 5 сәуірде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 31 мамырды саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.
1992 жылғы 6 сәуірде Казақстан Канада және Палестина елдерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы ноталар қабылдады.
1993 жылғы 6 сәуірде Қазақстан мен «Шеврон» (АҚШ) мұнай корпорациясы арасында «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісім жасалды.
2008 жылғы 7 сәуірде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «2001 жылғы 15 маусымда Шанхай қаласында қол қойылған Лаңкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күрес жөніндегі Шанхай конвенциясына өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара жүріс-тұрысы жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.
2009 жылғы 7 сәуірде Астанада 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан Қазақстан Республикасы Ішкі әскерінің 17 жауынгеріне арналған Еске алу аллеясы ашылды.
2010 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунды бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
2010 жылғы 8 сәуірде Алматыда қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қатар жарық көрген «Абайдың қара сөздері» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
1999 жылғы 8 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола облысының әкімдігі Астана қаласынан Көкшетауға көшірілді.
2000 жылғы 9 сәуірде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Баку қаласында өткен «Қорқыт ата кітабы» эпосының 1300 жылдығына арналған мерекелік мәжіліске қатысты.
Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ