«Алтын Орда» базарында жанжалдасқандар татуласты

«Алтын Орда» базарында жанжалдасқандар татуласты

«Алтын Орда» базарында жанжалдасқандар татуласты
ашық дереккөзі
50207
Алматы маңындағы «Алтын Орда» базарының тұрақ алаңында жұдырықтасқан жүргізуші мен тұрақ қызметкері бір-бірінен және халықтан кешірім сұрап, сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы өтініш жазды, деп хабарлайды Polisia.kz.
«Қарасай аудандық полиция басқармасында тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде жанжалға қатысушылар өз қателіктерін мойындап, бір-бірінен және халықтан кешірім сұрап, сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы өтініш жазды. Сонымен қатар, олар отандастарынан бұл оқиғаны талқылауды тоқтатуды сұрады, себебі жанжал жеке сипатта болды» – делінген хабарламада.
Нәтижесінде, ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес бұзақылық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды.

Серіктес жаңалықтары