50233
Мемлекет басшысы: «СҚ-Фармацияның» жаңа басшылығы қызметінен босатылуы мүмкін
Мемлекет басшысы: «СҚ-Фармацияның» жаңа басшылығы қызметінен босатылуы мүмкін
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «СҚ-Фармацияның» жаңа басшылығы басқарушылық мүмкіндіктерін көрсете алмаса, қызметінен босатылуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
– Біз «СҚ-Фармация» басшылығын ауыстырдық. Бұл – жаңа басшылықтың басқарушылық мүмкіндіктері көрінетін сәт. Болмаса, қызметінен босатылады. Денсаулық сақтау министрлігіне медицина қызметкерлеріне арналған жеке қорғаныш заттарының сапалы болуын және жеткілікті көлемін қамтамасыз етуді қатаң бақылауға алуды тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 10 шілдеде «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Берік Шәріп қызметінен босатылып, оның орнына Ерхат Есқалиев тағайындалды.