50455
Қызылордада 17 жастағы қыз он күннен бері іздестіріліп жатыр
Қызылордада 17 жастағы қыз он күннен бері іздестіріліп жатыр
Қызылорда облысының Криминалдық полиция басқармасы «Атамекен» балалар ауылының 17 жастағы тәрбиеленушісі Ділдә Нұғыманованы он күннен бері іздестіріп жатыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің Instagram-дағы жеке парақшасында хабарланады.
«Қызылорда қаласындағы отбасы үлгісіндегі «Атамекен балалар ауылы» үйінің тәрбиеленушісі 27.08.2004 ж.т Нұғыманова Ділда Мұсабекқызы 25.03.2021 жылы сағат 02:00 шамасында тұрғылықты мекен-жайынан белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмауына байланысты Қызылорда облысының Полиция департаменті іздеу салады. Белгілері: бойы 175 см, шашы қара түсті иығынан түскен, кекілі сары түске боялған. Үстінде қара түсті куртка, көк түсті джинсы шалбар, ақ түсті спорттық үлгідегі аяқ киім. Жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз. Тел: 8(7242)-29-70-10, 8(7242)-29-75-20, 8(7242)-29-75-02, 8-705-255-81-25» – делінген хабарламада.Естеріңізге сала кетейік, Ділдә Нұғыманова 25 наурыз күні балалар ауылынан екі құрбысымен бірге кетіп қалған болатын. Оларға іздеу жарияланғаннан кейін бірнеше күннен соң Люба Нестеренко мен Рано Сабанқұлова Алматыдан табылды.