Қант зауыты іске қосылады

Қант зауыты іске қосылады

Қант зауыты іске қосылады
ашық дереккөзі
405
Келесі жылдың соңында Солтүстік Қазақстан облысында қант зауыты іске қосылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президентімен кездесуде СҚО әкімі Ерік Сұлтанов мәлім етті. Облыс әкімі Мемлекет басшысын өңірдегі істердің жай-күйімен де таныстырды. Баса назар АӨК-ны қайта өңдеу саласына аударылады. «Шал ақын ауданында қант зауытын салу серпінді жобалардың бірі болып табылады. Қазір құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Қант қызылшасының пилоттық партиясы өсірілді. Суарусыз бір гектардан шамамен 50 тонна өнім алдық», - деп хабарлады Ерік Сұлтанов. Өңірде немістің «Кристелла» қызылшасы өсіріледі. Оны ерте жинап алу ұсынылады. Тазартылған қантты тұтастай жинау жоғары тиімділікті көрсетуде. СҚО-да өсірілген қант қызылшасының үлгілері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне қойылды. Көрмені өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Президенті аралап көрді. «ТрансАгроИнвест» ЖШС-ның  қант зауытын салу жобасы Индустрияландыру картасына кіреді, құны 900 млн. теңгені құрайды.  Қазір зауыттың құрылысына 25 адам жұмылдырылды. Пайдалануға енгізілгеннен кейін 85 жұмыс орны ашылады. Екінші бесжылдықта СҚО-да сомасы 100 млрд. теңгеге 60-тан астам жоба жүзеге асырылады, 22 жоба іске қосылды.

Серіктес жаңалықтары