Түркияда "билікті құлатуды көздеген" 10 адмирал ұсталды

Түркияда "билікті құлатуды көздеген" 10 адмирал ұсталды

Түркияда "билікті құлатуды көздеген" 10 адмирал ұсталды
ашық дереккөзі
282
Түркияда Монтрё конвенциясының сақталуын қолдап ашық хатқа қол қойған отставкадағы он адмирал қамауға алынды. Анкарадағы полициясы тағы төрт адамды тергеуге шақырды, деп хабарлайды Anadoly
Түркия үкіметі сынға алынған ашық хатқа Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы жоғарғы қызметінде болған 104 офицер қол қойған. Президент өкілі Ибрагим Калиннің сөзінше, бұл ашық хатта билікті құлатуды көздеген белгілер бар. Прокуратура 4 сәуірде қызметінен кеткен адмиралдарға қарсы "Мемлекет қауіпсіздігіне және конституциялық құрылымға қарсы әрекет" бабы бойынша тергеуді бастады. Айта кетейік, Түркия өткен айда Қара теңізді Мәрмәр теңізімен біріктіретін ірі канал құру туралы жобаны бекіткен. Түркияның ресми өкілі бұл аталған конвенцияның шарттарына кірмейтінін жеткізген. Адмиралдардың ашық хатында конвенция шарттарын сақтау Түркияның қауіпсіздігі үшін маңызды екені айтылған.

Серіктес жаңалықтары