«Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты мерекелік шара өтті

«Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты мерекелік шара өтті

«Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты мерекелік шара өтті
ашық дереккөзі
248

Шымкент қаласындағы облыстық орыс драма театрында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдері мерекесі аясында «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты мерекелік іс-шарасы өтті.

Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ұ. Сәдібеков барша облыс тұрғындарын тіл мерекесімен өңір басшысы Б.Атамқұловтың атынан құттықтады.

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары тілдерді қолдану мен дамытуға үлес қосқан 20 азаматты облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттаса, 11 тіл жанашыры Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің,  «Нұр Отан» партиясы мен облыстық мәслихаттың арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.

Мерекелік шара аудан, қала өнерпаздарының және этнос өкілдерінің концерттік бағдарламаларымен жалғасын тапты.

Еліміз бүгінде түрлі этностың тілі мен салт-дәстүрінің сақталуымен ерекшеленетін достық пен бірліктің мекеніне айналып отыр.  Облысымызда барлық этностардың тілі мен мәдениетін дамытуға лайықты жағдай жасалған. Этностардың тілі мен салт-дәстүрі және мәдениеті күндерін өткізу игі дәстүрге айналды. Бүгінде 20 этномәдени бірлестіктің 11-інің жанында жексенбілік мектептер бар.       

Айта кетейік, жалпы облысымызда мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесі 91 пайызға, ал орыс тілін меңгергендер – 62,5 пайызға,         ағылшын тілін меңгергендер – 8 пайызға жетіп отыр.  Сондай-ақ, облыс аумағында тілдерді ақысыз үйрететін 14 оқу орталығы жемісті жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінде оларда  4 мыңға жуық тіл үйренуші тілдерді оқып, үйренуде. 

Серіктес жаңалықтары