411
COVID-19: Ақтауда автобус жолаушыларына қатысты жаңа ереже енгізілді
COVID-19: Ақтауда автобус жолаушыларына қатысты жаңа ереже енгізілді
Ақтауда бетпердесі жоқ жолаушыларды кондукторлар автобустарға кіргізбейді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды жергілікті lada.kz басылымы.
Облыстың бас санитар дәрігерінің 6 наурыздағы қаулысына орай, өңірде санитарлық-дезинфекциялық шаралар мен маска тағу режимін қатаң сақтау күшейтілген.
"Құжатқа сәйкес, автобустардағы жолаушылардың орналасуы орындар санынан аспауы керек. Сондай-ақ, бұдан былай маска режимі сақталмаса, кондукторлар жолаушыны автобусқа кіргізбеуге құқылы", – делінген ақпаратта.Ал қалалық әкімдік тарапынан 8 сәуірден бастап арнайы рейдтер жүргізіліп, "бетпердесіз" жолаушыларды анықтау жоспарланған. "Коронавирустық індет қайта қарқын алуда: көрші үш облыс "қызыл" аймаққа кірді. Осыған байланысты азаматтардан санитарлық талаптарды сақтап, қоғамдық көліктерде маска тағып жүруді сұраймыз", – делінген әкімдік хабарламасында.