Ұзынағаш базарынан жоғалған үш жігіттің мәйіті табылған

Ұзынағаш базарынан жоғалған үш жігіттің мәйіті табылған

Ұзынағаш базарынан жоғалған үш жігіттің мәйіті табылған
ашық дереккөзі
280
Бұл туралы, Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев мәлімдеді деп жазады "365info.kz" сайты. "Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Марқұмдарды іздестіру жұмысын Алматы облыстық ІІД бастығының орынбасары Нұрлан Мәсімов басқарып, оған аудандық және облыстық тәртіп сақшылары жұмылдырылған болатын. Қазір қылымысқа күдікті екі азамат қамауға алынды. Жоғалған азаматтардың мәйіті табылды. Бұл іс облыс басшылығының жіті назарына алынды", — деді Бақтияр Өнербаев мәлімдемесінде. Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары қаза болғандардың туған-туыстарына көмек көрсету жөнінде аудан әкімдеріне тиісті тапсырма жүктелгенін айтты. Есетріңізге сала кетейік, 17 қыркүйек күні Алматы маңындағы Ұзынағаш базарына Долданұлы Жарқынбек (1979 ж.т), Зарлыханұлы Мұқият (1973 ж.т) пен Әлімхан Қадылбек есімді үш азамат екі жүк көлігімен 40 бас ірі қараны сатуға алып келіп, кейінен өздері де із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Әлеметтік желіде үш бірдей азаматтан айрылған қаралы қауым жиналған Жамбыл ауданына келіп, қылмыстық істі бақылауға алған Алматы облысы прокурорының орынбасары Саят Бакировтың көпшілік алдында сөйлеген сөзі жарияланды.

Серіктес жаңалықтары