346
Ақордада тағы да кадрлық ауыс-түйіс болды
Ақордада тағы да кадрлық ауыс-түйіс болды
Мемлекет басшысының өкімімен Қанатбек Жайсаңбаев Қазақстан Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Кеше Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болған Нұрлан Сауранбаев лауазымынан босатылып, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ» басшысы қызметіне тағайындалған болатын.