2097
Бау-бақша мен жүзімдіктер үсіп кетті
Бау-бақша мен жүзімдіктер үсіп кетті
Францияда аяз салдарынан бау-бақша мен жүзімдіктер үсіп қалды.
Француз шарапшылары аязды түндер елдің ең танымал және беделді шарап аймақтарында егіннің едәуір бөлігіне қауіп төндіріп тұрғанын мәлімдеді.
Үкімет келтірілген залалға байланысты көмек көрсету үшін шұғыл шаралар пакетін дайындауда. Францияның ауыл шаруашылығы министрі Жюльен Денорманди зардап шеккен шаруашылықтарға барды.
- Біз аяздан зардап шеккен жүзім өсірушілерге, бағбандарға және фермерлерге мүмкіндігінше тезірек қолдау көрсету үшін бар күшімізді жұмылдыруымыз керек. Біз ауыл шаруашылығы апаттарына қарсы тұру бағдарламасын іске асыруға кірістік, ол бау-бақша секторына қаржылық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді, - деді министр.
Бургундияда шардоннай сорттары ең көп зардап шекті, ал пинот-нуар сортына аса қауіп келмеген. Сарапшылардың айтуынша, -6,5 градустық аяз салдарынан бақтар мен жүзімдіктерге келтірілген залал онжылдықтардағы ең үлкен апат болуы мүмкін.