1136
Марста кемпірқосақ пайда болды
Марста кемпірқосақ пайда болды
Марста түсірілген фотода ғажайып табиғи құбылыс байқалды. Америкалық Perseverance аппаратына түскен фотода кемпірқосаққа ұқсас белгі көрінеді.
Аталған қызықты сурет ғарышқа қызығушыларды толғандырып қойды. Оларды жаңбыр мен су жоқ планетаның атмосферасында кемпірқосақтың қалай пайда болғаны таңғалдырып отыр.
Ал NASA Perseverance объективіне ілінген бұл құбылысты Күннің сәулесі деп мәлімдеді. Алайда ғылыми қоғамдастық ішінде өзге қызық көзқарастар бар. NASA реактивті қозғалысы зертхана тобының мүшелерінің бірі сонау 1990 жылы Pathfinder миссиясын орындау кезінде осыған ұқсас суреттің пайда болғанын еске салды. Бұл Марстың атмосфера қабатында әлі күнге дейін осындай әсер беретін мұз бөлшектері болуы мүмкін екенін көрсетеді.