Білім және ғылым министрлігі докторантураға түсу ережелері өзгергенін хабарлады

Білім және ғылым министрлігі докторантураға түсу ережелері өзгергенін хабарлады

Білім және ғылым министрлігі докторантураға түсу ережелері өзгергенін хабарлады
ашық дереккөзі
50311
ҚР Білім және ғылым министрлігі биыл докторантураға түсу ережелеріне өзгеріс енгізілгенін хабарлады. Докторантура бөліміне қабылдау емтиханы электрондық форматта жүргізілетін болады. Үміткерлер компьютерде отырып эссе жазады, сондай-ақ, докторантурада оқуға дайындығын растау үшін тест және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан тапсырады.
«Биыл докторантураға түсу ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізілді. Докторантураға қабылдау емтиханы алғаш рет тестілеу орталықтарының базасында дербес компьютер арқылы электрондық форматта өтеді. Өткен жылы бұл тәсіл магистратураға қабылдау кезінде қолданылған болатын. Бұл – қабылдау емтихандары тек тестілеу форматында өтеді деген сөз емес. Болашақ докторанттар ЖОО-лар бекіткен тақырыптар бойынша эссе жазады. Қабылдау емтиханының қорытынды бағасы эссе, докторантурада оқуға дайындық тесті және бейінді емтихан бағаларының жиынтығы болып табылады», – деді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.
Докторантураға түсу үшін өтініштер 3 шілде мен 3 тамызға аралығында қабылданады. Ал емтихандар 4-20 тамыз аралығында өтеді.

Серіктес жаңалықтары