Парамен ұсталған жоғарғы сот судьясы қамауға алынды

Парамен ұсталған жоғарғы сот судьясы қамауға алынды

Парамен ұсталған жоғарғы сот судьясы қамауға алынды
ашық дереккөзі
310
Нұр-Сұлтандағы мамандандырылған сот 9 сәуірде Жоғарғы соттың судьясын екі айға қамау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды zakon.kz. 63 жастағы Мейрам Жанғұттинов 11 ақпанда пара алып жатқан жерінен ұсталған. Ұстау операциясын Қазақстанның коррупциямен күрес агенттігі және Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметі жүргізген. Тергеу мәліметі бойынша, Жанғұттинов Түркістан облысының аудандық судьясынан оны басқа қызметке ауыстыру үшін пара алған. Пара берген адам да ұсталған. Күдіктінің қамалғанға дейін қайда болғаны айтылмайды. Бұл оқиғаны ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барып тұрған сорақылық деп атағанын жазады "Курсив". Ақпан айында Жанғұттинов ұсталды деген ақпарат тараған кезде, оның Жоғарғы соттағы судьялық қызметі былтыр желтоқсан айында аяқталған деген мәлімет таратылды. 2011 жылы Жанғұттинов коррупция бойынша айыпталған сол кездегі денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің ісін жүргізген. Экс-министр 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Жеті ай өткен соң Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев рақымшылық жасаған болатын.

Серіктес жаңалықтары