289
Екі адамды өлтіргені үшін түрмеде отырған қылмыскер тағы екі адамның өмірін қиды
Екі адамды өлтіргені үшін түрмеде отырған қылмыскер тағы екі адамның өмірін қиды
Ер адам бұған дейін екі адам өлтіргені үшін 20 жыл түрмеде отырған. Екінші қылмысты түрмеден шықаннан кейін екі ай өткен соң, 2020 жылғы тамызда жасапты.
Кездейсоқ таныстар Е.С.-ны Рудный қаласының 53 жастағы тұрғынының үйіне және азаматтық некеде тұрған 43 жастағы жұбайына спирттік ішімдіктер ішу үшін алып келді. Одан соң таныстары кетіп қалды, ол сол үйде қалды. Үй иесі мен қонақ арасындағы жанжалдан кейін Е.С. үй иесін пышақпен бірнеше рет жарақаттаған. Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Одан кейін үй иесінің жұбайын да өлтірген.
Олардың денелерін көршілері тапқан. Кісі өліміне күдікті екі күннен кейін ұсталды.
Сараптама оның психикасының сау екенін көрсетті.