50561
19 жастағы қазақ балуаны грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
19 жастағы қазақ балуаны грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
Алматыда күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасының қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі.
Грек-рим күресінен 63 келіге дейінгі салмақта белдесетін Сұлтан Әсетұлы құрлықтық сайыста қарсылас шақ келтірмей, Азия чемпионы атанды.
Ересектер қатарына енді өтіп, былтырғы Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен Сұлтан финалда ирандық Мейсам Далханиді жеңді.