Nur Otan партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Nur Otan партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Nur Otan партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
ашық дереккөзі
350
Сақтаған Сәдуақасов Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды. Сақтаған Сәдуақасов еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласы Ішкі саясат департаментінің талдау және мониторинг бөлімінің маманы лауазымынан бастады, онда 2009 жылға дейін жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында жұмыс істеді. Сондай-ақ әр жылдары Nur Otan партиясының орталық және қалалық филиалында түрлі лауазымдарда, оның ішінде Nur Otan партиясы Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Сақтаған Сәдуақасов меритократия қағидатына сәйкес маманнан бастап басшылық лауазымдарға дейінгі жолдан өтті. Nur Otan партиясы елордалық филиалының төрағасы, елорда әкімі Алтай Көлгінов Сақтаған Садуақасовтың алдына партияның 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын табысты іске асыру бойынша бірқатар міндет қойды.

Серіктес жаңалықтары