276
Тұрғын үй нарығы тұрақтайтын болды
Тұрғын үй нарығы тұрақтайтын болды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мамырда жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның өсуі түпкілікті тоқтайтынын, бағалар тұрақтанатынын мәлімдеді.
– Біз апта сайын жылжымайтын мүлік бағасын бақылап отырамыз. Жаңа бағдарлама енгізілгеннен кейін тұрғын үй бағасы көтеріле бастады, бастапқы нарықтағы тұрғын үй қаңтарда 3 пайызға, қайталама нарықтағы тұрғын үй 17 пайызға қымбаттады. Наурызда бағаның өсуі тоқтады: біріншісі 0,5 пайызға, ал екіншісі 2 пайызға қымбаттады. Сәуір мен мамыр айларында өсім тоқтайды, ал маусым мен шілдеде бағалар тұрақтанады деп ойлаймыз, – деді Өскенбаев.
«Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимованың пікірінше, елімізде жылжымайтын мүлікке үлкен сұраныс тудыратын факторлар жоқ.
– Біз бағаларға талдау жүргіземіз және әлемдік конъюнктурада құрылыста пайдаланылатын шикізат пен материалдар бағасының өскенін көріп отырмыз. Сонымен қатар, жылжымайтын мүліктің өзіндік бағасында еңбек ресурстарының құны өте үлкен үлес алады. Қазақстандағы орташа жалақы статистикасына қарасақ, 2020 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша 233 136 теңге, ал 2019 жылдың қорытындысы бойынша 168 489 теңге болды. Бүгін ресми статистика шықты, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша номиналды орташа жалақы шамамен 11 пайызға өсті. Тиісінше, краншылардың, монолит құюшының, құрылыс компанияларындағы әрлеушілердің еңбегі жылжымайтын мүліктің бастапқы нарығына әсер етеді. Біз өз тарапымыздан талдау жүргізіп, жылдың екінші жартысында, бұған дейін болжағанымыздай, мамырдың соңы мен маусымның басынан бастап баға нарығы тұрақтанады деп ойлаймыз, – деп қосты ол.