«Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар көліктің иесі халықтан кешірім сұрады (видео)

«Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар көліктің иесі халықтан кешірім сұрады (видео)

«Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар көліктің иесі халықтан кешірім сұрады (видео)
ашық дереккөзі
50389
Нұр-Сұлтан қаласында көлігінде «Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Көлік бүгін әлеуметтік желілерге мониоринг жүргізу барысында Мәңгілік ел көшесінде анықталған. Елорда полицейлері көлікті бір сағаттың ішінде тапты. Жүргізушінің айтуынша, артқы терезесінің шынысында «Тапсырыспен адам өлтіру» жазуы бар көлікті ол бір ай бұрын Петропавл қаласында сатып алған, бірақ жазуды өшірмеген. https://www.youtube.com/watch?v=R81QU6c79aU&ab_channel=KAZINFORM Бұдан басқа, тексеру кезінде 27 жастағы ер адамның көлік жүргізу құжаттарының болмағаны анықталды. Ол техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін көлікті жүргізгені және жүргізуші куәлігінің болмағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 590-бабының 5-бөлімі және 612-баптың 5-бөлімі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды, ондағы жазуды жүргізушісі сол жерде өшіріп тастады.

Серіктес жаңалықтары