Өзбекстандық кәсіпкерлер Оңтүстіктің өндіріс орындарымен танысты

Өзбекстандық кәсіпкерлер Оңтүстіктің өндіріс орындарымен танысты

Өзбекстандық кәсіпкерлер Оңтүстіктің өндіріс орындарымен танысты
ашық дереккөзі
426

Оңтүстік Қазақстан облысына ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және уәкілетті елшісі Ерік Өтембаев бастаған Өзбекстаннан арнайы делегация келген болатын. Шекаралас жатқан елдің қонақтарының құрамында 20-ға жуық түрлі саладағы кәсіпкерлер және Өзбекстан Республикасының елшісі бар. Олар өңірге жасаған жұмыс сапары барысында «Оңтүстік» индустриялды аймағы мен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтың жұмысымен танысып, ондағы бірқатар кәсіпорындарды аралап көрді. Сонымен қатар, екі жақты ынтымақтастықты нығайту үшін күнгейлік кәсіпкерлер мен делегация өкілдері арасында В2В форматында кездесу өткізіліп, бірлескен кәсіпорындар ашу, өзара байланысты нығайту турасында келіссөздер жүргізілді.

Осы күні Өзбекстан мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың қабылдауында болды.

Кездесу барысында елші ынтымақтастықты нығайту мақсатында екі жақтың кәсіпорындары арасыңда ауыл шаруашылық, пластмассалық бұйымдар жасау және тері өңдеу мен киім тігу сынды бірқатар жобаларды бірлесе жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.

Өз кезінде аймақ басшысы екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың зор екенін айтып, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін атап өтті. Сондай-ақ, Өзбекстан тарапынан ұсынылған жобаларды қолдауға дайын екенін мәлімдеді.

Өзбек делегациясы облыстың инвестициялық мүмкіндіктерін жоғары бағалап, қызығушылық танытты.

 

Серіктес жаңалықтары