741
"Кездесуге шақырамын". Алмас Кішкенбаев танымал блогер қызды ұнататынын айтты
"Кездесуге шақырамын". Алмас Кішкенбаев танымал блогер қызды ұнататынын айтты
Әнші Алмас Кішкенбаев танымал блогер қызды ұнататынын айтты. Ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында бойжеткеннің видеосын жариялап, көпшіліктен оның жеке өмірі жайлы сұрастырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Эстрада жұлдызы өз парақшасында бойжеткенге деген сезімі бар екенін айтып, алдағы уақытта оны кездесуге шақырғысы келетінін жеткізді.
"Осы қыз ұнайды маған. Оның үстіне ән де айтады екен. Әлде маған жасы тым кішкентай ма? Біз таныс емеспіз. Егер жауап берсе, бірден кездесуге шақырамын. Бейнебаяны шығыпты. Қарап бағасын беріңіздер. Менің білуімше Нұрдәулет екеуі дос", - деп жазды әнші.Кішкенбаев ел алдында блогер аруды ұнататынын айтқанымен, қыз оған жауап бермеген.