937
Біріккен Араб Әмірлігі мұнай өндірісін уақытша тоқтатқысы келеді
Біріккен Араб Әмірлігі мұнай өндірісін уақытша тоқтатқысы келеді
Біріккен Араб Әмірлігі жаһандық бағаны қолдау үшін мұнай өндірісін уақытша тоқтатуға келісті. Reuters агенттінің хабарлауынша, Сауд Арабиясы да мұнай өндіру мөлшерін шектеуді ұсынды, бірақ ол Иранның да мұнай өндіруді тоқтатуын күтіп отыр.
Мұнай экспорттаушы ұйым елдерінің (ОПЕК) Алжирдегі кездесуі қарсаңында мұнай бағасы біршама өсті. Бұл кездесу Халықаралық энергетикалық форум аясында жақын күндері өтеді деп жоспарланған. Brent маркалы мұнай баррелі 60 центке қымбаттап, 46 жарым доллар болды, деп хабарлады AFP агенттігі.
Нарықтағы ұсыныстың көбеюіне байланысты, мұнай бағасы 2014 жылмен салыстырғанда екі еседен астам мөлшерге түсіп кетті. Бұл ОПЕК елдері мен басқа да ірі мұнай экспорттаушы мемлекеттер мұнай саудасының табысын ұлғайту үшін шұғыл шара қолдануға мәжбүр болды, деп хабарлайды Неміс толқыны.