Тәуелсіздік күнтізбесі: 20 сәуірде болған елеулі оқиғалар

Тәуелсіздік күнтізбесі: 20 сәуірде болған елеулі оқиғалар

Тәуелсіздік күнтізбесі: 20 сәуірде болған елеулі оқиғалар
ашық дереккөзі
842
1991 жылы Атырауда әлемдегі ең терең кен орны Теңізден алғашқы өнеркәсіптік мұнай өндірілді. 2000 жылы Ташкентте Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның және Тәжікстанның президенттері аймақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша кездесу өткізді. 2002 жылы Қарағандыда журналистердің облыстық 1-ші форумы өтті. Форум жұмысына 140-тан астам адам қатысты. 2006 жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығында Қарағанды аймақтық бөлімшесі аумағында екінші молекулярлы-генетикалық зертхананың ашылды. 2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ертіс», «Оңтүстік» және «Жетісу» атты үш әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияны құру туралы Жарлыққа қол қойды. Әлеуметтік кәіспкерлік корпорациялардың басты қызметі - инвестициялар тарта отырып, жергілікті жерлердегі жаңа жобаларды жүзеге асыру. Сөйтіп өңірдегі халықтың мұң-мұқтажын шешуге қол ұшын беру. 2007 жылы Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайында өткен бильярд спортынан «Құрастырмалы пирамида» І Әлем Кубогы ашылу барысында Қазақстан Республикасының Бильярд спорты федерациясының президенті Аңсар Қаранеев «Пирамида» Халықаралық комитетінің «Алтын белгі» медалімен марапатталды.

Серіктес жаңалықтары