276
Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрінің үстінен прокуратураға шағым түсті
Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрінің үстінен прокуратураға шағым түсті
Қырғыз Республикасының прокуратурасы белсенді Ұмай Арықованың Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Алымқадыр Бейшеналиевтің үстінен жазған арызын қарап жатыр, - деп хабарлайды zakon.kz.
Белсенді Ұмай Арықова 16 сәуірде прокуратураға Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Алымқадыр Бейшеналиевтің үстінен арыз жазған. Ол тиісті органдардан "Денсаулыққа қасақана зиян келтіру" бабына сәйкес министрдің іс-әрекетіне заң аясында әділ баға берілуін сұраған. Оның пікірінше, министрдің әрекеті қылмыстық кодекстің бірқатар баптарына сәйкес келеді және ұлт қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді.
15 сәуірде Президент Садыр Жапаров covid-19 препаратын қолдан жасалған дәрілермен емдеуді ұсынды. Артынша Қырғыз Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Алымкадыр Бейшеналиев 16 сәуір күнгі баспасөз жиынында уқорғасын тамырының (Ыстықкөл тамыры немесе аконит) тұнбасын ішкен болатын.
Министр індеттің екінші толқынын уқорғасынмен емдегендерін, бірақ ол туралы айтпағандарын мойындады.