50483
Жастардың жан-жақты дамуына ықпал етуіміз қажет
Жастардың жан-жақты дамуына ықпал етуіміз қажет
Өңірімізде мәслихат құрамы жаңарғалы бері басқосулар да көбейгені анық. Әр жиында нақты мәселелер көтеріліп, оның шешу жолдары қарастырылады. Сонымен қатар, алда атқарылатын жұмыстарға бағыт-бағдар құрылады. Біз, «Nur Otan» партиясы атынан жаңадан сайланған депутаттар мәслихат отырыстарында ғана емес, сонымен қатар, басқа да жиындарда азаматтық позициямызды, партияның мақсат-міндеттерін алдыңғы кезекке қоямыз. Себебі сайлауалды науқан кезеңінде халық пен партияның ойы, мақсаты мен мүддесі бір арнаға тоғысып, нәтижесінде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлау алды бағдарлама жасақталған болатын. Ендігі кезекте біз аталған бағдарламаның толықтай жүзеге асуына атсалысуды мақсат тұтып отырмыз.
Осы мақсатта жуырда «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы М.Досмұхамбетовтің төрағалығымен филиалдың Саяси кеңесі бюросының мәжілісі болып өтті. Мәжілісте Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасы» әзірленіп, түрлі бағыт бойынша нысаналы индикаторлар мен мерзімдер қойылып, жауапты орындаушылар белгіленді. Бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуына мониторинг жасауды қамтамасыз ету, партияның сайлауалды бағдарламалары мен «Жол карталарын» іске асыруды қоғамдық-саяси бақылау мақсатында облыста 12 кеңес құру туралы қаулы қабылданды. Соның ішінде мен Атырау облысының жастарын қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайландым. Алдағы уақытта өңір жастарымен бірлесе төменде келтірілген аса маңызды жұмыстарды жоспарлы түрде жүзеге асырылуына атсалысатын боламын:
- Жыл сайын 5 мыңнан артық жасты жұмысқа орналастыру
- «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысын ұйымдастыру арқылы жаз мезігілінде 700-ден астам жасты жұмысқа орналастыру
- 610 орындық 6 жатақхана құрылысын салу
- «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында өз кәсібін ашуға және бизнесті жүргізу үшін жыл сайын кемінде 50 жасқа несие беру
- «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша кемінде 150 жас маманды ауылға жұмысқа жіберу
- 2025 жылға дейін жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 2,2 пайызға дейін төмендету.
Серік НҰРБАЙҰЛЫ,
«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы
Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы,
Атырау облыстық мәслихатының депутаты