475
Алматыда тауға шығуға тыйым салынады
Алматыда тауға шығуға тыйым салынады
Қар көшкінінің жүру қаупіне байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметтерге қарағанда, жылымықтың аясында жауын-шашынның түсуіне, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 21-22 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.
«Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығуға болмайды.Тауда абай болыңыздар», – делінген хабарламада.