214
Студенттер медициналық тексеруден өтеді
Студенттер медициналық тексеруден өтеді
Алматы қалалық ЖИТС-пен (СПИД) күресу орталығы студенттерден АИВ (ВИЧ) инфекциясына қарсы тест алу акциясын өткізеді.
Қазақстан-неміс университеті мен «Қайнар» университетінде студенттері өз еркімен тест тапсырып, сонымен қатар кеңестер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Ал бұл акция оңтүстік астанадағы басқа жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында өтпекші.
"Бүгінде барлық әлеуметтік топтағы жастар арасында АИВ инфекциясын жұқтыру қаупі бар. Өкінішке қарай, жастар вирус қаупін жұқтыру және одан қорғану жолдары туралы мағлұматтарды аз білгендіктен қиындықтарға тап болып жатады", - деді Алматы қаласы ЖИТС орталығының бас дәрігері Талғат Бапиев. Сондықтан жастармен жұмыс істеу - ЖИТС орталығының бағдарлама бағытының бірі болып табылады. Бұл акция жастардың АИВ және ЖИТС жұқтыру жолдары туралы мәлімет аясын кеңейтіп, АИВ пен өмір сүретін адамдармен қарым-қатынасты қалыптастырады.
Акция бағдарламасында өткен мамандардың тренинг әдістері салауатты өмір салтын қалыптастырып, сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы хабардар етіп қана қоймай, тақырыптық әдебиеттер таратылады.
Ал барлық өтініш білдіруші АИВ-тен тегін жасырын тест өткізіп, медециналық қызметкерлерден жеке кеңес алуларына болады. Ол үшін арнайы құралдармен жабдықталған мобильді зертхана жоғарғы оқу орнына барып, бірнеше минут аралығында жедел тест көмегі арқылы қан құрамында вирустың бар-жоғын анықтап береді. Демек, тұрғындардың өз денсаулығына деген жауапкершілігі артып келеді. Дәрігерлер кез келген адам бір рет болса да, қорғалмаған жыныстық қатынас, қан құю, пирсинг, татуировка жасаған болса, АИВ-ке қарсы тесттен жылына бір рет өтуіне кеңес береді. Ал дертті анықтау үшін қаладағы ЖИТС орталығында сапалы әрі қолжетімді зерттеу құралдары бар.