Салауатты өмір салтын дәріптейтін инсталляция ашылды

Салауатты өмір салтын дәріптейтін инсталляция ашылды

Салауатты өмір салтын дәріптейтін инсталляция ашылды
ашық дереккөзі
221
«Білім-Орталық Азия» Білім Орталығы және «Шеврон» компаниясы «Болашақ – менің таңдауым» жобасы шеңберінде бірінші қалалық көшелік инсталляциясын ашты. Салауатты өмір салтын дәріптеуге арналған инсталляция алматылықтарға тегін беріледі. «Шеврон» компаниясының өкілі Лейла Айтмуханованың айтуынша, жобаның мақсаты адамзаттың дамуында маңызды идеяларды дәріптеу, оның ішінде салауатты өмір салтын сақтап және  оның қуатты баламалы көзін дамыту арқылы сақтау. "Біздің компания үшін маңызды болып саналатын тағы бір қағида – осы қызықты идеяны инновациялық жолмен жүзеге асыру». Инсталляция құрушылары алматылық жасөспірімдер мен жастардың арасында әткеншек тебудің үлкен рөл алатындығына сүйенген. Әткеншекті интерактивті инсталляция арқылы сауықтырып, көңіл көтеретін жаттығу құрылғысына айналдыру қызықты болып шықты. Әр әткеншек композициясы үш бөлімнен тұрады. Әткеншекті қаттырақ тепкен сайын, жарық соғұрлым жарқырай түссе, тербелімді азайтқан сайын жарық қуаты азаяды. Сонымен бірге әр бөлім дербес. Бір мезгілде бірден үш қалаушыны да тербетіп, жарық түсіріп, жарық әсерін жасауға болады. Ал тұрақты қалпында әткеншектің жарығы сөнеді. Осы сияқты инсталляциялар, жәй дене қимылы арқылы, мысалы, ұялы телефонды қуаттандырып сонымен бірге денсаулықты нығайту әдістері шетелде кеңінен танылған. Оңтүстік астанада алматылықтардың қолданымында әртүрлі көшелік жаттығу құрылғылары бар, бірақ жарық қосылған композициясы алғаш рет қойылып жатыр. - Бұл біздің Алматылық жасөспірімдердің және жастардың салауатты өмір салтын күшейтуге арналған тағы бір өніміміз. «Таза жолды танда» виртуалды ойыны әлдеқашан кең танылды, АИТВ-індетін алдын алуға бағытталған «Судьба» театр қойылымы да жастардың қолдауына ие болды. «Болашақ – менің таңдауым» жобасы 2011 жылдан бері «Шеврон» компаниясымен бірге жүзеге асырылуда. Жоба аясында 300-ден астам шара өтті. Сынып сағаттары, тренинг, сұхбат, дәріс, дөңгелек үстелдер, - дейді «Білім-Орталық Азия» Білім Орталығының атқарушы директоры Лариса Горбунова. Білім Орталығы 1995 жылы шетелде білім алу туралы кәсіби кеңес беру орталығы ретінде ашылған. 2004 жылдан бастап  үкіметтік емес «Білім-Орталық Азия» Білім Орталығы ретінде жұмыс істеп келеді. «Білім-Орталық Азия» Білім Орталығының Алматы қаласында (бас) кеңсесі, Қарағанды және Шымкент қалаларында кеңселері бар. Инсталляция тұсаукесері 28 қыркүйекте сағ. 19:00 Мега-Центр аумағында (Розыбакиев к-сі, артқы ауласында) өтеді.  

Серіктес жаңалықтары