Mad Men тобының мүшелері 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Mad Men тобының мүшелері 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Mad Men тобының мүшелері 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
ашық дереккөзі
406
Алматы полиция департаменті есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталған Mad Men Q-pop тобының  мүшелері қандай бап бойынша тергеліп жатқанын айтты,-деп хабарлайды ҚазАқпарат. Полицияның мәліметінше, топ мүшелерінің ісі Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" бойынша қаралып жатыр. Айта кетейік, аталған бап бойынша айыпты деп танылғандар мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Бұған дейін Mad Men Q-pop тобының мүшелері есірткі қылмысына қатысты ұсталғандардың қатарында болғаны хабарланған еді. Полиция ұсталғандардың топқа қатысы бар екенін растады.

Серіктес жаңалықтары