22 адамға қасақана коронавирус жұқтырды деген айыппен ер адам тұтқындалды

22 адамға қасақана коронавирус жұқтырды деген айыппен ер адам тұтқындалды

22 адамға қасақана коронавирус жұқтырды деген айыппен ер адам тұтқындалды
ашық дереккөзі
50222
Испанияның Манакор қаласында 22 адамға коронавирус жұқтырды деген айыппен ер адам тұтқындалды, деп хабарлайды ВВС агенттігі.  40 жастағы испандық азаматтан коронавирус белгілері анықталса да, жұмыс орнына және жаттығу залына баруын тоқтатпаған.  Дене қызуы көтеріліп, жөтеліп жүргенін байқаған әріптестері оған үйіне қайтып, емделуге кеңес берген. Алайда әріптестерінің айтқанына құлақ аспаған ол «Жұмыста барлығыңа коронавирус жұқтырамын» деп үйіне қайтпай қойған. Ақырында оның бес әріптесі мен өзі жаттығып жүрген жаттығу залынан екі адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Сондай-ақ, туған-туыстарының арасынан 14 адамнан коронавирус анықталды, соның ішінде үш сәби бар.

Серіктес жаңалықтары