248
Күдіктілер 2 айға қамалды
Күдіктілер 2 айға қамалды
Алматы облысы Жамбыл аудандық соты Көксу ауданының үш тұрғынын М. Зарылхан, Ж.Долдан, А.Қадылбекті өлтірді деген күдікпен ұсталған екі адамды 2 айға қамауда ұстауға санкция берді. Бұл туралы Алматы облыстық соттың сайты хабарлады.
Еске сала кетейік, 18 қыркүйек күні, Ұзынағаш базарында мал сатумен айналысқан үш жігіттің жоғалып кеткендігі хабарланған.
1979 жылы туған Долданұлы Жарқынбек, 1973 жылғы Зарлыханұлы Мұқият пен Әлімхан Қадылбек есімді жігіттер қылмыскерлер қолынан қаза тапты
Қазаға ұшыраған азаматтардың туыстары Сот сараптамалық орталығынан үш мәйітті Алматы облысы Көксу ауданына апарып жерледі.
24 қыркүйекте Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі із-түзсіз жоғалған үш ағайындының өліміне қатысты күдіктілер ұсталғанын хабарлады. ҚР ҚК 99 бабы 2 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу жұмыстары Алматы облыстық Ішкі істер департаменті басшылығының қатаң бақылауына алынған.
Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР ІІМ министріне қылмыстық істің тергеу барысын өз бақылауына алуды тапсырды.