222
Нұр-Сұлтанда 1 триллион теңгеге теңдессіз туристік кешен салынбақ
Нұр-Сұлтанда 1 триллион теңгеге теңдессіз туристік кешен салынбақ
Туристік кешеннің ауданы – 2,6 млн шаршы метр, құрылыс аумағы – 333 гектар. Жобаның бір бөлігін 2022 жылдың соңында пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды NewTimes.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Премьер-Министр Асқар Мамин Нұр-Сұлтандағы көпфункционалды туристік кешеннің құрылысы қалай жүріп жатқанын тексерді.
Нысан "Астана — жаңа қала" АЭА аумағында ("Барыс Арена" мұз сарайының батысында) орналасқан.
"Жобаның инвесторы БАӘ-ден келген девелопер — Ellington Properties Development LLC компаниясы, бас мердігері — Renaissance Construction.
Жобаның жалпы құны 1 трлн теңгеден асады. Кешеннің ауданы – 2,6 млн шаршы метр, құрылыс аумағы – 333 гектар", – деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.Мұнда 15 мың шаршы метр аквапарк, ойын алаңдары, саябақтар, террасалар, кеңселік және коммерциялық үй-жайлар, қонақ үйлер, әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымы және т. б. орналасатын болады.
"Жобаның бір бөлігі (29 гектар) 2022 жылдың соңында пайдалануға беріледі. 21,3 мың уақытша және 2 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Үкімет басшысы жаңа ауданға қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізуді қамтамасыз етуді және барлық құрылыс жұмыстарын жоспарланған мерзімде сапалы орындауды тапсырды", - делінген хабарламада.