Пәтер тонаған бесеу Алматыда ұсталды

Пәтер тонаған бесеу Алматыда ұсталды

Пәтер тонаған бесеу Алматыда ұсталды
ашық дереккөзі
246
Тараз қаласының 5 тұрғыны Алматыда ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 31-37 жас аралығындағы бес ер адам бірқатар пәтер тонаған үшін Тараз қаласынан келген. Алайда олардың жоспарларын полицейлер бұзды, топтың барлық мүшелерін заттай дәлелдемелерімен қылмыс үстінде ұстаған. – Біздің қызметкерлердің жақсы және тиімді жұмысының арқасында қаскөйлер шаһардағы “алғашқы ұрлықтан” кейін ұсталды. Олардың ұрлығының нысаны ақша, зергерлік бұйымдар, кішігірім жабдықтар болып табылады. Әдетте, ұрылардың бұл түрлері қысқа уақыт ішінде ондаған тұрғын үйді тонайды және қаладан кетеді. Сондықтан оларды гастролерлер деп атайды. Бірақ Алматыда біздің жедел уәкілдер олардың қылмыстық ниеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. Тұтқындалғандардың барлығы бұрын осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін сотталғанын атап өткен жөн. Алматыға олар “Мерседес W140” автокөлігімен келген, жалдамалы пәтерде тұрған. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлімі – тұрғын үйге кіріп кету арқылы жасалған ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Руслан Смағұлов.

Серіктес жаңалықтары