582
LRT құрылысы 1 миллиард доллар қарыз арқылы қайта жандандырылмақ
LRT құрылысы 1 миллиард доллар қарыз арқылы қайта жандандырылмақ
Егер биыл қаржыландыру мәселесі реттелсе, Нұр-Сұлтандағы LRТ жобасын аяқтау жоспарланып отыр. Ондай жағдайда құрылыс-монтаж жұмыстары 2022 жылдың соңында аяқталуы мүмкін, деп растады CTS көлік компаниясы. Бұл туралы sputnik.kz хабарлады.
"2021 жылы жобаны қаржыландыру қайта басталса, биыл эстакаданың темір-бетон конструкцияларын монтаждауды аяқтау, жерасты жаяу жүргіншілерге арналған өткелдердің қаңқаларын орнату, Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің металл конструкцияларын монтаждау жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.Мердігермен жобаны алдын ала іске асырудың күнтізбелік кестесі жасалған. "Жабдықтар мен жүйелерді сынақтан өткізу аяқталғаннан кейін, 2023 жылдың шілдесінде желіні коммерциялық пайдалануға беру жоспарланып отыр", - деп нақтылады CTS. Құрылысты аяқтау үшін 1,08 миллиард доллар қаражат қажет. Жоба қарыз қаражат есебінен жүзеге асырылмақ,-деп қосты компания.