204
Алматыда құрылыс алаңында 19 жастағы жұмысшы мерт болды
Алматыда құрылыс алаңында 19 жастағы жұмысшы мерт болды
Алматыда құрылыс алаңында 19 жастағы жұмысшы мерт болды. Істің мән-жайын полиция тексеріп жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әлеуметтік желіде Алматыдағы құрылыс алаңдарының бірінде 19 жастағы жұмысшы мерт болғаны туралы хабар тарады.
Алматы Қалалық Полиция департаменті жігіттің өліміне қатысты қылмыстық кодекстің 156-бабы «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
«Сонымен қатар, аталған факт бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы тексеру жүргізіп жатыр, оның нәтижелері бойынша іске процестік шешім қабылданады», - деді Алматы Қалалық Полиция департаменті.