50209
Мемлекет басшысы «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін алды
Мемлекет басшысы «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін алды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі жеке парақшасында хабарлады.
«Екпе салдырғаннан кейін Президенттің денсаулығында ешқандай кінәрат байқалған жоқ. Өзінің жұмыс кестесіне сәйкес қызметін қызу атқарып жатыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі вакцинация қарқынын төмендетпеу керек деп санайды. Мемлекет басшысы екпе салдыру барлық шектеулерден арылтып, қайта қалыпты өмірге бастайтын, COVID-19 пандемиясын жеңетін жалғыз жол екеніне кәміл сенеді» – деп жазды Берік Уәли.