Қазақстан мен Ресей 2021-2025 жылдарға арналған Экономикалық ынтымақтастықтың бағдарламасын қабылдады

Қазақстан мен Ресей 2021-2025 жылдарға арналған Экономикалық ынтымақтастықтың бағдарламасын қабылдады

Қазақстан мен Ресей 2021-2025 жылдарға арналған Экономикалық ынтымақтастықтың бағдарламасын қабылдады
ашық дереккөзі
248
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясының Қазан қаласына жұмыс сапары аясында РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесу өткізді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы primeminister.kz хабарлады. Тараптар сауда-экономика, көлік-логистика, энергетика, геология салаларындағы, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация, АӨК, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды. COVID-19 таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикалары үшін пандемияның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударылды. Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің Үкімет басшыларының қатысуымен келесі бірқатар құжатқа қол қойылды: ҚР мен РФ үкіметтері арасындағы 2021-2025 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасы; «Қазгеология» АҚ мен «Росгеология» АҚ арасындағы ҚР, РФ және шет мемлекеттердің аумақтарындағы пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық зерттеу саласындағы ынтымақтастық туралы келісім; ҚР аумағында көмірсутегі кен орындарын игеру және геологиялық барлау бойынша бірлескен қызмет саласындағы жобаларды іске асыру ниеті туралы келісім; «ҚР-да бутадиен және туынды өнімдер өндірісі» жобасын іске асырудың жол картасы; «Бутадиен» жобасын басқару мәселелері жөніндегі шекті шарт; «KIDF Management company» Ltd, Ресей тікелей инвестициялар қоры (РТИҚ) және «Mubadala Investment Company» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; қатты пайдалы қазбалар бойынша юниорлық компаниялардың Еуразиялық биржасын құру туралы меморандум. ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазан қаласына жұмыс сапары аясында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады.  

Серіктес жаңалықтары