Қызылордада жоғалып кеткен баланың денесі табылды

Қызылордада жоғалып кеткен баланың денесі табылды

Қызылордада жоғалып кеткен баланың денесі табылды
ашық дереккөзі
519
Кеше Қызылордада жоғалып кеткен баланың екі күннен бері табылмай жатқаны хабарланған еді. Бүгін баланың денесі табылды. Ол жеке тұрғын үйдегі кәріз құдығына түсіп кеткен.
«Бүгін, 29 сәуір күні жергілікті уақыт сағат 11:00 шамасында жеке тұрғын үйдің кәріз құдығынан жоғалған баланың денесі табылды. Қажетті сот – медициналық сараптамалар тағайындалды. Баланың денесінде көзге көрінетін зорлық – зомбылық белгілері байқалмаған. Орын алған оқиға бойынша тергеу басталды. Тергеу әрекеттері менің жеке бақылауымда. Кішкентай Альтаирдың ата – анасы мен туыстарының ауыр қайғыларына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтамын», дейді Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.

Серіктес жаңалықтары