Тәуелсіздік күнтізбесі

Тәуелсіздік күнтізбесі

Тәуелсіздік күнтізбесі
ашық дереккөзі
51321
  • 1992 жылғы 29 сәуірде Алматыда Түрік елші­лігі ашылды.
  • 1992 жылғы 1 мамырда Алматыда Қазақ­стан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Түркияның Премьер-Министрі Сүлеймен Демирель Бірлескен мазмұндамаға қол қойды.
  • 1993 жылғы 5 мамырда Вашингтондағы Дү­ние­жүзілік банктің штаб-пәтерінде Арал теңізіне арнал­ған халықаралық семинар өтті.
  • 1995 жылғы 3 мамырда «Батыс Қазақстан - Құм­көл» мұнай құбыры іске қосылды.
  • 1995 жылғы 5 мамырда Жамбыл облысы Жуалы ауда­нының Мыңбұлақ ауылында Кеңес Одағының Ба­тыры, жазушы Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды.
  • 1997 жылғы 3 мамырда Президент Нұрсұлтан Назар­баев­­тың «Қазақстан Республикасының әкім­шілік-аумақтық орна­ласуын одан әрі жетілдіру шаралары туралы» Жарлығына сәй­кес Жезқазған, Көкше­тау, Семей облыстары таратылды.
  • 1999 жылғы 28 сәуірде Батыс Қазақстан об­лыс­тық фи­лар­мониясына әнші, Қазақстанның халық әр­тісі Ғарифолла Құр­манғалиевтің есімі берілді.
  • 2000 жылғы 1 мамырда Алматыда Қазақстан ха­лықтары достығының I фестивалі өтті. 2001 жылғы 3 мамырда Алматы қаласы кө­шелерінің біріне ҚР Таэквондо федерациясының негі­зін қалаушы және бірінші президенті, таэквондодан әлемнің алты дүркін чемпионы Мұстафа Өз­түрік­тің есімі берілді.
  • 2001 жылғы 4 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында Төле биге ескерткіш орнатылды.
  • 2002 жылғы 29 сәуірде «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық кеңесті құру туралы» Жарлық шықты.
  • 2005 жылғы 28 сәуірде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың Жарлығымен Кәсіпкерлер кеңесі құрыл­ды.
  • 2006 жылғы 2 мамырда Мойнақ су электр станциясының құрылысы басталды. 2011 жылғы 29 сәуірде Алматыда КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы, режиссер Әзірбайжан Мәмбетовке арналған мемориалдық тақта ашылды.
  • 2014 жылғы 5 мамырда ұлы түрік қолбасшысы Күлте­гін­нің суреті бейнеленген 1000 теңге номиналы «IBNS 2013 жыл­дың үздік банкноты» номинациясын жеңіп алып, халық­аралық банкнот конкурсының қа­тысушы-елдері арасында әлемдік рекорд орнатты.
  • 2015 жылғы 4 мамырда Алматыда Рейхстаг ғи­мара­тына Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқар­баев­қа (1924-1988) арналған мемориалдық тақтаның сал­­­танатты ашылу рәсімі өтті.

Серіктес жаңалықтары