Ах­мет Байтұрсынұлы: Жер мәселесі – қа­зақтың тірі я өлі болуының мәселесі

Ах­мет Байтұрсынұлы: Жер мәселесі – қа­зақтың тірі я өлі болуының мәселесі

Ах­мет Байтұрсынұлы: Жер мәселесі – қа­зақтың тірі я өлі болуының мәселесі
ашық дереккөзі
1748
Қазір Қазақстанда күн тәртібінен түспей тұрған басты мә­селенің бірі жер қатынастарын реттеу болып отыр. «Бұл түйт­кіл неге тез шешілмей жатыр?» деу де әбестік секілді. Өйткені жер мә­селесін реттеуде әлемнің көптеген елі тіпті араға ғасыр салып бір­жақты еткені жайлы деректер бар. Мәселен, Еуропа елдері, соның ішінде Англияда жер мәселесі көп жыл талқыланып барып, бір жүйеге келгені белгілі. Алайда қазақ жерінің де тағдыры талқыға түскеніне арысы 200 жыл, берісі 100 жыл болды. Яғни, бұл мәселенің тамыры тереңде жатыр. Әуелі патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатының салқыны болса, екінші жер қатынастарын реттеуде халықтың ментальдік түсініктеріне де байланысты болып отыр.

Жер жылнамасы

Алаш арысы қазақтан шыққан алғашқы дә­рігер-ғалым, шығыстанушы Санжар Ас­фен­дияров (1889-1938): «Патша үкіметінің қа­зақ жерін отарлау саясаты қазақ мем­ле­кеттігіне аса үлкен апат (қауіп) әкелді. Бұл сая­саттың кері салдары байлар билігінің ны­ғаюымен үндесіп, қазақ еңбекші бұ­қара­сына және кедейлеріне өзінің бар салмағын сал­ды» десе, академик Салық Зиманов Пат­ша үкіметі отарлау саясатының негізінде Рос­сияның ішкі өлкелерінен мұжықтарды қа­зақ жеріне қоныстандыру үшін 45 млн деся­тина жер тартып алғаны жайлы жа­зады. 1822 жылы «Сібір қазақтары туралы» ере­же қабылданды. Бұдан кейін қазақ жерін бас­қаруға қатысты отаршыл Дала ережелері қабылданып отырды. Мәселен, Дала ере­же­сінің 119-бабында «Көшпенділер (қазақтар) ор­наласқан жерлер, сол жерлердің бар бай­лығы, соның ішінде орман-тоғайы да мем­лекет меншігі болып саналады» делінген. Бұ­ған қоса, 1891 жылғы 25 наурызда қа­был­данған Дала ережесінің 126-бабында: қа­зақ­тарға «өз қыстауларының шетіндегі жерді орыс текті адамдарға жалға беруге рұқсат еті­леді» делінген. Яғни, бұл кезеңде жер қа­зіргі тілмен айтқанда латифундистерге бе­рілгені байқалады. Жоғарыдағы С.Ас­фен­дияровтың «байлар билігінің нығаюы» деп соны меңзесе керек. Алайда дәл 100 жылдан кейін кеңестік жүйе орнап, 1921 жылғы «Жер реформасы» басталды. Тарихи деректерге сүйенсек, 1921 жылғы сәуір – Патша үкіметі кезінде Сібір және Орал орыс-казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды. Нәтижесінде Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина, Оралдың сол жағалауы­нан 208 мың десятина жер қазақтарға қай­та­рылды. Бұл жер реформасы Жетісуды да қам­тыды. Жиыны 1 млн десятинадан астам жер қоры құрылды. Патшалық Ресейдің ота­р­лау саясатынан ауыр зардап шеккен Қа­зақстан жері бұдан кейін, қоғамдық мен­шікке айналды. Саяси жүйенің түбегейлі өз­геруіне байланысты баяғы мол жерді ие­ленген байлардан (латифундистер) жерді Кеңес үкіметі оңай тартып алды. Осынау жылнамаларға қарап отырсақ, Қазақстан жер мәселесінде түрлі қоғамдық құрылыстардан және әртүрлі өткелектер мен түсініктерден өткенін аңғаруға болады.

2016 жыл

Иә, бұл – тарихи жыл. Өйткені тәуел­сіздіктен кейін «жерді жалға беру не­месе сату» мәселесіне қоғамның бетпе-бет келуі­мен байланысты еді. 2015 жылғы 2 қара­ша­да Қазақстанның Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ондағы 24-бап­қа сәйкес, ауыл шаруашылығы мақ­сатындағы жерлерді шетелдіктерге жалға беру мерзімі 10 жылдан 25 жылға дейін ұзар­тылды. Ал осы уақытқа дейін жер те­лімі 49 жылға дейін жалға алып, шаруасын дөң­гелетіп отырған отандастарымыздың кері­сінше мұндай құқығы шектелді. Ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетін қазақстандықтар жаңа заңға сай жерді тек аукцион арқылы жекеменшікке сатып алуға міндеттелді. Тиісті заң өз күшіне еніп, 2016 жылғы 30 наурызда сол кездегі Ұлттық эко­номика министрі Ерболат Досаев 1 шіл­деден бастап ауыл шаруашылығы мақса­тын­дағы 1,7 млн гектар жер аукцион ар­қылы сатылымға шығатынын мәлімдеді. Ха­лық бұл заң талабына наразылығын біл­діреді. Жер дауы осы тұста басталды. «Жер сатылады» дегенді естіген елдің елең­деуі ереуілге ұласты. Жер мәселесіне келгенде халқымыздың са­насына берік орнаған ұстанымдар жа­ды­мызда қайта жаңғырғандай болды. Аға сұл­тан Құнанбай Өскенбайұлының «жер өс­пейді, адам өседі» дегені, Алаш көсемі Әли­хан Бөкейханның «біздің қазақ жерді мен­шікті қылып алса – башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып жалаңаш шыға келеді», «жер десе, діріл­де­мей болмайды: жер мәселесі – негізгі өмір мә­селесінің ең зоры» немесе ұлт ұстазы Ах­мет Байтұрсынұлының «жер мәселесі – қа­зақтың тірі я өлі болуының мәселесі», «жер­ді жалдаудан тартынбағандар – сату­дан да тартынбайды» деген сөздері еріксіз еске оралғандай болды. Бұл ретте мемлекетпен халықтың пі­кірі тоқайласып, мәмілеге келді. 2016 жыл­ғы 6 мамырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жер мәселесіне келгенде елдің жаппай алаң­даушылық білдіргеніне риза болғанын айтып, ағынан жарылған еді. «Төңіректегі әртүрлі алыпқашпа әңгімелер мен пікірлер арандатушылардың бүгінгі әре­кетінің бірі. Оның ішінде баяғы қаш­қын­дар да бар, босқындар да бар. Білеміз бар­лығын. Дегенмен, осы мәселеге көңіл бөл­гені үшін мен бір жағынан ағайынға қуанамын. Лайым жерге деген көңіл осын­дай болса, біздің халық қасық қаны қал­ған­ша осы жерді қорғайды деп біле­мін», – деді Н.Назарбаев. Сонымен Жер ко­дексіндегі бұл дау­лы өзгерістердің күшіне енуіне 2016 жыл­дың аяғына дейін мо­ра­торий енгізу тура­лы Жарлыққа қол қойды. Жер кодексіндегі нормаларды талқы­лап, халыққа түсіндіру үшін және ел ұсы­ныс­тарын қарау үшін Президент Жарлы­ғымен Жер реформасы жөніндегі комиссия құрылды. Оның құрамына Үкімет мү­шел­ерінен бөлек, қоғам қайраткерлері, бел­сен­ділерден құралған 75 адамнан тұратын комиссия мүшелері жасақталды. Комиссия әрқайсы 5-6 сағатқа созылған 10 шақты отырыс өткізіп, нәтижесінде 14 маңызды шешім қабылдады. Жалға беретін телімдер­дің шекті көлемін анықтау, жерді пайдалану тәсілдері мен оны тиімсіз пайдаланған жағ­дайда мемлекетке қайтару туралы ұсы­ныстар енгізілді. Осылайша барлығы жерді 49 жылға дейін жалға беру институтын сақтау қажет деген ортақ шешімге келді. «Жайылым туралы», «Жердің құнарлылы­ғын арттыру туралы» құжаттар дайындал­ды. Жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысының нәтижесінде, жер заңнама­сы­ның өзгерістеріне мораторийді 5 жылға (31.12.2021) дейін ұзарту туралы ұсынысқа сәйкес, Президент 2016 жылғы 19 тамызда шетелдіктерге жерді жалға беру туралы заңға мораторий мерзімін ұзартты. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға берудің шекті көлемі бекітілді. Маңыз­ды шешімдер қабылданып, жер төңі­регіндегі дау бәсеңдеген соң комиссия жұ­мысы уақытша тоқтатылды.

2021 жыл

Сонымен бес жылдық мораторий мер­зімі аяқталды. Жер кодексіне енгізілген шек­теу біткен соң, қандай шешім шығады де­ген алаңдаушылық ел көкейінде жүргені анық. Осыған орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жол­дауында келесі жылы ауыл шаруа­шы­лығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нор­маларына қатысты енгізілген мора­то­рий күшін жоятынын жеткізді. Әрі «же­рі­міз шетелдіктерге сатылмайды» деп кесіп айт­ты. Бұған қоса Ұлттық қоғамдық сенім кеңе­сінің V отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауыл шаруа­шылығы жерлерін сатуға және жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тап­сырды. 2021 жылғы 19 наурызда Мемлекет бас­шысының тапсырмасы бойынша Жер кодексі жобасының нормаларын талқылап, ұсыныстар әзірлеу үшін жер реформасы бойынша комиссия қайта құрылды. Осыған байланысты Премьер-Министр Асқар Мамин «Жер реформасы бойынша ко­миссия құру туралы» №62 өкімге қол қой­ды. Құжатта комиссияның жалпы ере­же­лері, міндеттері, комиссия жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі мен құра­мы бекітілді. Осыған сәйкес, Жер рефор­ма­сы бойынша комиссияның жаңа құрамы бекітіліп, аптаның әр сәрсенбі күндері жер мәселесін талқылау үстінде.

Жер болашағы

Екінші рет Жер реформасы жөніндегі ко­миссияның мүшелері жер мәселесінде нақты қандай мәселерді көтерді дегенді шолып өтсек: Қазір қоғамда «жерді сатпай-ақ нарық тетігіне айналдыруға бола ма?» деген сауал туындап отыр. Бұған осы сала­ны зерттеген білікті ғалым, сенатор Ақыл­бек Күрішбаев: «Ауыл шаруашылығы саласы дамыған ең озық елдің бірі Израиль жерді мем­лекет меншігінде сақтай отырып, нарық тетігіне айналдырған. Сол тәжірибе бізге де тиімді», – деп жауап берді. Екінші қоғамды алаңдатып отырған – ла­тифундистер. Бұл туралы Жер реформасы ко­миссиясының мүшесі Мұхтар Тайжан: «Ке­зінде заңсыз немесе сыбайлас жемқ­ор­лық жолымен «ұстағанның уысында, тіс­тегеннің аузында» кеткен миллиондаған гектар ауыл шаруашылығы жерлерін қай­тарудың әзірше жалғыз-ақ жолы бар, ол – латифундистерге бірыңғай аграрлық са­лықты, ғарыштық мониторингті күшейту ар­қылы артық жерді мемлекетке қайтаруға мәжбүрлеу», – дейді. Алайда «қойшының қам­шысын ұстап, ауылдың атын жамылып» те­лесайысқа түсіп жүрген Алмасбек Са­дырбаев бұған үзілді-кесілді қарсы. «Ғарыш­тық мониторингтен, аграрлық салықтан құт­қарыңдар, 500 мың гектарға дейін же­кеменшікке тегін жер алсам, субсидия ал­сам», – дейді ол. Сонымен қатар Сенат депутаты Мұрат Бақ­тиярұлының айтуынша, жер мәселесі қазір шешім таппайтын мәселе, оны ұр­пақтарға аманаттап кетейік деген уәжін айтты. «Көптеген мемлекет жерді нарықтық тауар ретінде қарап, жекеменшікке сатып жатады. Біздегі жағдай мүлдем бөлек. Ға­сырлар бойы халқымыз жерді тауар ретінде емес, оны Анаға теңеп, «Жер-Ана» деп қас­терлеп келді. Сондықтан да осы елдің аза­маты, комиссия және Парламент мү­шесі ретінде жердің өз азаматтарымызға да сатылуына қарсымын. Бұл менің азаматтық ұста­нымым. Ұлтымыздың жартысынан аста­мы орта тапқа айналмайынша бұл мә­селені қозғамауымыз керек. Келер ұрпақ­тың үлесіне қалдырайық. Қазіргі кезде жер­дің иесі тек мемлекет болуы тиіс. Жерді пай­даланамын деген азаматтарға тек жалға ға­на беруге кедергісіз барлық мүмкіндіктер жа­салу қажет», – дейді сенатор.

Тағы да 5 жыл

2016 жылғы 17 тамызда Жер реформасы бойынша комиссияның кезекті оты­ры­сын­да жерді шетелдіктерге жалға беру мен сату мәселесіне жарияланған мораторийді 5 жыл­ға, яғни 2021 жылдың соңына дейін ұзарту керек деген ұсыныс жасалып, қабыл­дан­ған шешім Елбасының Жарлығымен бе­кітілген болатын. Бұл жолы да дәл солай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрыл­ған Жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысында ауыл шаруашылығы жерлерін жекеменшікке беруге қатысты мораторий мерзімін 5 жылға ұзарту туралы шешім қа­был­данды. Жер реформасы жөніндегі комис­сия­ның 5 отырысы және 7 мәжілісі өткізіліп, онда 113 мәселе мен ұсыныс қаралды. Оның 20-сына қатысты нақты шешімдер қа­­­былданды. 28 ұсыныс Парламентке және 47 ұсыныс нақты шаралар қабылдау үшін мемлекеттік органдарға жіберіледі. Премьер-Министрдің орынбасары, ко­миссия төрағасы Ералы Тоғжановтың сө­зін­ше, комиссия мүшелері жерді жекемен­шік­ке беруге қатысты түпкілікті шешім қа­был­дамағанын, себебі, оған әлі де бір­ша­ма уақыт қажет екенін алға тартады. Осы­лай­ша, комиссия мүшелері жерді меншікке беру­ге қатысты жыл соңына дейін бел­гі­лен­ген нормаларға мораторий мерзімін 5 жыл­ға ұзартуды қолдап, дауыс берді. Комиссия оты­рысына қатысып жатқан 67 адамның 4 комиссия мүшесі қалыс қалды, қалғаны мо­раторийді ұзартуға бірауыздан дауыс берді. Сонымен қатар, комиссия аграрлық-өнер­кәсіптік кешен саласын дамытуға оң ық­пал ететін бірқатар маңызды шешім қа­­­былдады. Комиссия ұсыныстарының не­гізінде арнайы заң жобасы әзірленіп, келесі ай­да Парламентке өткізілетін болды. Ко­миссия мүшелері заң жобасын қарау ке­зін­де жұмыс тобына қатыса алады. Қазір Сенатта жерге қатысты тағы бір заң жобасы қаралып жатқаны белгілі. Ол пре­зидент Тоқаевтың тапсырмасымен әзір­ленген болатын. Билік бұл заң жобасы шет­елдіктерге жер сатуға және жалға беруге тыйым салуды қарастырады деген. Әйт­кен­мен әлі мақұлданбаған құжатта «шетел­дік­терге орман өсіру үшін 25 жылға жер беру­ді» көздейтін тармақ бар. Аталған тармақ кү­шіне енсе, яғни заң жобасы дәл қазіргі нұсқада қабылданатын болса, Жер кодексі 48-бабының 2-тармағы шетелдіктер мен аза­маттығы жоқ адамдарға орман өсіру үшін 25 жылға жер учаскелерін жалға алуға мүм­кіндік береді. Алайда елде бұл мәселеге тү­бегейлі қарсы болып отырғандар көп. Ал бұған комиссиядан тыс зерттеу­ші­лер­дің пікірін білу мақсатында саясаттану­шы Руслан Ақмағанбетовке сауал қойып көр­дік.  width= Руслан АҚМАҒАНБЕТОВ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың конфликтология мамандығының докторанты, конфликтолог, саясаттанушы: Жер мәселесі жеңіл шешіле салатын іс емес – Менің зерттеу тақырыбым да осы «Қа­зақ­стандағы жер дауын шешудің дәстүрлі жол­дары мен за­манауи технология­лары» деп аталады. Конфликтология маман­дығы дау-дамай түрлі деңгейдегі жанжалдар мен наразылықтарды зерт­теу объектісі ретінде қа­райды. Қазақ қоғамында жер дауы – ерте­ден өзекті мәселе. «Даудың үлкені – жер және су дауы» дейді. Бүгінгі жер дауы өткен дәуірлерден қал­ған «мұра». Қазақстан тәуелсіздігін алып, дер­бес ел атанғанға дейін талай қоғамдық құры­лыстардан өтті. Хандық дәуірде жер қоғамдық меншік ре­тінде қаралды. Әр рудың, тайпаның өзі­нің еншіге алған жері бар. Жер еуропалық қоғамда король мен феодалға тиесілі еді. Ал бізде «ханда жер жоқ» ұстанымы болған. Тарих­та Жәңгір хан Ресейге жер сатуына бай­ланысты Исатай мен Махамбеттің қар­сылығы да осыдан басталған. Қазақ қоға­мын­да жер халыққа тиесілі деген ұстаным ор­наған. Патшалық Ресейдің отарлауымен бірге капиталистік қатынастар енді. Ка­пи­талистік қатынастарда «жер капитал» қа­ғи­дасы негізге алынады. Бір жағынан қо­ныс­танушыларға жер алу мақсатында қазақ жері мемлекет меншігі деген қаулы енді. Ру­лық, тайпалық қауымдастық қатынас­тар­дың ыдырай бастауы, соған қарамастан жаңа өмір талабына бейімделе алмауы – жер дауын күшейте түсті. Алаш зиялылары жер дауына қатысты жиі мәселелер көтерді. Жер дауы кеңестік заманда «шаруаларға жер береміз» деген реформалар бастады. Бұл жаңа экономикалық саясат негізінде жүріл­ді. Алайда 1928 жылғы кәмпеске, 1930 жыл­дардан бастал­ған тұтастай мемлекеттік шаруашылықтың орталықтандырған жүйе­сіне өтті. Жер мәселесін шаруалар емес ор­талық үкімет ор­гандары өздері шеше бас­тады. Қалауынша бөлді. Жерді шаруа­ға емес, колхоздарға берді. Колхоз – мемлекет шаруа­шылығының бір бөлігі. Еркін қауым­дастық емес, жоғарыдан төменге қарай құрыл­ған вертикалды жүйе. Тәуелсіздік алдық, Кеңестік социалистік эко­номикалық қаты­настардан бас тартып, қай­тадан капиталистік қатынастарға аяқ бас­тық. Патшалық Ресей дәуірінде толық­тай капиталистік қатынасқа енген жоқ едік. Ал қауымдық ұстанымға келсек, ауыл маңындағы жайылымдық жерлер ешкімге жалға берілмесін деген талап. Ауыл әкімдігі балансында қалсын дейді. Яғни, бір ауыл бір қауым деген ұстаным байқалып тұрады. Бұл да өмір прак­тикасында дұрыстығын білдіреді. Ауылдағы аз ғана мал үшін жай­лымдық жерді жалға алмасы анық. Ал капиталистік қаты­насқа келсек, жер – капитал. Жеміс ағаштарын өсіру мен көкөніс егуге арналған жылыжай салу көп ақшаны қажет етеді. Яғни, капитал салмай іс жүрмейді. Қомақты ақша салу үшін ер­теңге деген сенім керек. Сенімсіз жерге ин­вестиция салынбайды. Егер мұны ер­терек реттемесек, қазір қалай жеміс-жидек шет­елден келсе, солай қала береді. Көкөніс те солай. Бұл да ойлануды қа­жет етеді. Ал егер жаппай жерді жекеменшікке берсек, расында «ша­ғын мемлекеттер», «жергілікті деңгейдегі дворяндықтар» пайда болмасына ешкім кепілдік бере алмайды. Қоғамдық санада кешегі Кеңес кезіндегі социалистік қаты­нас­тардан қалған сар­қыншақ әлі бар: «барлық жер мемлекет қо­­лын­да болса» деген. Салыстырмалы тұр­ғыда мемлекетті ең се­нім­ді институт ре­тінде қарайды. Алайда тоқсаныншы жыл­дары жекеменшікке кеткен кейбір зауыттар мен фабрикалардың тағдырын енді жер қайталамасын дейді. Бұл ұстанымның да өз шындығы бар. Жер дауын шешуді біз бір сәттік ретінде қараймыз. Басты қа­телік те осында. Соз­бақтай беру де дұрыс емес. Аталған тақы­рып­­та кезең-кезеңімен шешуді жоспарлау ке­рек. Мәселен, жы­лыжай мен жеміс ағаш­та­рын егетіндерге жерді, ауыл шаруашы­лы­ғы мақсатында емес, оны өндірістік мақ­сатта қарастырса. Алайда мұндай мақ­сат­пен жер алғандарға қатаң бақылау мен та­лап қажет. Яғни, заманауи тамшылатып суару секілді тех­нологияларды міндеттеме ретінде алса. Өйткені жерді игеру үшін суды қажет етеді. Еліміз су тапшылығы мәселесін се­зініп жатқан елдер қатарына жатады.

Серіктес жаңалықтары