375
13 жастағы оралдық оқушы торттың 40 түрін пісіреді
13 жастағы оралдық оқушы торттың 40 түрін пісіреді
13 жасар Оралдық оқушы Бейбарыс Сұлтан торттың 40 түрін пісіреді. Ол мұны 8 жасынан меңгеріпті. Оқудан қолы қалт еткенде тәттінің түр-түрін әзірлейді. Оның пісірген торттары көпшіліктің де көңілінен шығып, таңданыс тудырып жатыр. Тапсырыс берушілер де көп, - деп хабарлайды astanatv.kz.
Мен қазір торттардың 35-40 түрін пісіре аламын. Енді алда тағы да көп жерге мастер класқа барамын, әлі талай үйренемін. Өзім үлкен цех ашқым келеді, - дейді олСондай-ақ, ол ораза басталғалы ауыз бекіткен жандарға пісірген тағамдарын сый ретінде таратып жүр. Ал анасы баласының еңбекке араласқанына, өзіне қолғабыс болғанына риза.